Шымкенттің "Ордабасы" клубы Чемпиондар лигасына жолдама алды
Сурет: Instagram/fc__ordabasy
Football Meets Data мәліметінше, қазіргі уақытта "Ордабасының" клубтық рейтингі 4,500 ұпайды құрайды. Бұл көрсеткіш командаға жеребе кезінде рейтингі жоғары клубтармен бір топқа енуге мүмкіндік бермейді.
✅ CONFIRMED 🏆 Ordabasy Shymkent 🇰🇿 win the Kazakh Premier League for the 2nd time ever! They are the 4th confirmed champion this season among UEFA members. Ordabasy 🇰🇿 book a place in 🔵 UCL Q1 where they will be unseeded. https://t.co/5qSqqbN2Rz
— Football Meets Data (@fmeetsdata) October 25, 2026
Бірінші іріктеу кезеңінде шымкенттік клубтың ықтимал қарсыластары қатарында Исландияның "Викингур", Босния және Герцеговинаның "Борац", Әзербайжанның "Сабах", Молдованың "Шериф", Гибралтардың "Линкольн Ред Импс" және Румынияның "Университатя Крайова" командалары бар.
Іріктеу кезеңінің алғашқы раундына арналған ресми жеребе тарту рәсімі 2027 жылғы маусымда өтеді. Алғашқы матчтар шілде айында ойналады.
"Ордабасы" 2026 жылы Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды. Шымкенттік клуб 29-турда "Жеңіспен" 1:1 есебімен тең түсті. Ал чемпиондыққа үміткерлердің бірі алматылық "Қайрат" "Ақтөбемен" кездесуде 2:2 есебімен тең ойнап, маңызды ұпай жоғалтты.
Бұған дейін "Ақтөбе" мен "Қайрат" арасындағы матчтың нәтижесі Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы чемпионын анықтағаны хабарланған болатын.