Чемпиондар лигасының форматы өзгеріске ұшырауы мүмкін
Сурет: Zakon.kz
COPE басылымының мәліметінше, мүдделі тараптар арасындағы талқылаулар 2025 жыл бойы жүргізіліп келеді, алайда әзірге нақты шешім қабылданған жоқ.
Жоспар бойынша, турнир Чемпиондар лигасы атауын сақтап қалады және негізгі кезеңде 36 команда өнер көрсетеді. Бірақ екі жылдан кейін қазіргі біртұтас топтық кезеңнің орнына екі кіші топқа бөліну енгізіледі:
- Бірінші топ – УЕФА рейтингі бойынша ең жоғары көрсеткішке ие 18 клуб;
- Екінші топ – қалған 18 команда.
Әр команда 8 матч өткізеді – төртеуін өз алаңында, төртеуін қонақта. Бұл ойындар тек өз тобының ішіндегі қарсыластармен өтеді.
Одан кейін бірінші топтың үздік 8 командасы тікелей 1/8 финалға өтеді. Қалған плей-офф қатысушылары екі топтағы командалар арасындағы ойындар нәтижесінде анықталады.
Бұл реформаның негізгі мақсаты – топтық кезеңдегі матчтардың деңгейін арттыру.
Айта кетейік, 2024/2025 маусымынан бастап Чемпиондар лигасында жаңа жүйе күшіне енді. Бұрын турнирге 32 команда қатысса, енді олардың саны 36-ға жетті. Бұрынғыдай топтарға бөлудің орнына, барлық командалар негізгі кезеңде ойнайды, ал плей-офф 1/16 финалдан басталады.
Бұған дейін Шерхан Қалмұрзаның Қазақстан құрамасына шақыту алғанын жазғанбыз.