Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының королі атанды – Marca
Сурет: Instagram/anarbekov_temirlan77
10 желтоқсанда Marca Темірлан Анарбековке арналған материал жариялап, оны Чемпиондар лигасының үздік қақпашысы деп атады.
"Еуропаның топ-лигаларына кірмейтін команданың ойыншысы әлемнің ең ірі клубтық турнирінде статистика бойынша көш бастады", – деп жазды басылым.
Материалда Анарбековтің "Ақтөбемен" матч кезінде бас-ми жарақатын алып, 13-минутта алаңнан кетуге мәжбүр болғаны еске салынады. Осы жарақат салдарынан ол команданың Чемпиондар лигасындағы "Спортингке" қарсы дебютін және "Реалмен" болған өз алаңындағы тарихи ойынды өткізіп алған.
Сонымен қатар "Қайрат" қақпаға бағытталған соққылар саны бойынша екінші орында (39). Әйтсе де жағдай бұдан да қиын болуы мүмкін еді. Алайда, Темірлан бір матчтағы ең көп сейв саны (6,2) және алдын алған голдар көрсеткіші (5,9) бойынша ең үздік қақпашы атанып отыр.
Бұған дейін қазақстандық жас теннисшінің Үндістанда қатарынан екі турнирде топ жарғанын жазғанбыз.