УЕФА Темірлан Анарбековты ресми түрде мойындады

Темірлан Анарбеков, УЕФА, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2025 09:44 Сурет: X/Scout1zm
Қазақстан мен "Қайрат" құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков УЕФА нұсқасы бойынша биылғы маусымның Чемпиондар лигасының үздік қақпашылар рейтингісінде төртінші орыннан көрінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

УЕФА баспасөз қызметінің мәліметінше, Анарбеков төрт матч өткізіп, қақпаға алты гол жіберді, ал бір матч бойында бір де бір гол кіргізбей, қақпаны таза сақтап қалған. Қақпашы барлығы 27 сейв жасады.

Кипр "Пафосының" қақпашысы Неофитос Михаил онымен бір позицияны бөлісіп тұр, оның да нәтижелері Темірланмен бірдей.

Рейтингтің көшбасында 38 сейв жасаған норвегиялық "Будё Глимт" клубының қақпашысы, ресейлік Никита Хайкин тұр. Екінші орынға 33 доптың бетін қайтарған "Марсель" (француздың) қақпашысы Херонимо Рулли, үшінші орынға 29 сейвке ие мадридтік "Реалдың" қақпашысы, бельгиялық Тибо Куртуа жайғасқан.

Сурет: uefa


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: