Қазақстандық жас теннисші Үндістанда қатарынан екі турнирде топ жарды

Қазақстандық жас теннисші Үндістанда қатарынан екі турнирде топ жарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2025 19:02 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Альбина Кәкенова 18 жасқа дейінгілер арасында Үндістанда өткен екі ITF Juniors 100 турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Альбина алдымен тағы бір қазақстандық Сәтима Төрегенмен бірге жұптық сында Нью-Дели додасында үздік шықты.

Онда қазақстандық дуэт финалда ресейліктер Ксения Ахрамеева – Ева Колядинаны 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Альбина Кәкенова жекелей сында Пуне қаласында өткен жарыста қарсылас шақ келтірмеді. Альбина сенбі күні соңғы бәсекеде үндістандық Диа Рамешті 6:2, 6:0 есебімен ойсырата ұтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: