Қазақстандық биатлоншы Әлем кубогы кезеңінде екінші рет із кесу жарысына жолдама алды

Биатлоншы Владислав Киреев Әлем кубогы кезеңінде екінші рет із кесу жарысына жолдама алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2025 21:45 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық биатлоншы Владислав Киреев Әлем кубогының жалпы есебінде кезекті ұпайларын еншіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 12 желтоқсанда, Аустрияның Хохфильцен қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңі аясында ол 10 шақырымдық спринт жарысына қатысты.

Қазақстандық спортшы бір мәрте мүлт кетіп, мәреге 33-орынмен жетті. Бұл нәтиже оған сегіз ұпай әкелді. Қазір Владислав Киреевтің еншісінде 14 ұпай бар.

Осылайша, ол маусым барысында екінші рет із кесу жарысына жолдама алды. Сонымен қатар Әсет Дүйсенов те із кесу жарысына өтті. Ол спринтте 53-ші нәтижені көрсетті. Вадим Куралес 97-орынмен шектелді.

Италиялық Томмазо Джакомель жарыс жеңімпазы атанса, күміс жүлде франциялық Эрик Перроге бұйырды. Германия өкілі Филипп Хорн қола жүлдегер атанды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: