Қазақстандық биатлоншы Аустриядағы ӘКМ кезеңінде айтулы нәтижеге қол жеткізді
Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының биатлоншысы Владислав Киреев Аустрияда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде ерлер ұлттық командасы үшін тарихи нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Хохфильцен қаласында өткен Әлем кубогының із кесу жарысында қазақстандық спортшы бірде-бір рет мүлт кетпей, мәреге 20-орынмен жетті.
Бұл – Қазақстан ерлер құрамасының Әлем кубогы кезеңдеріндегі осы жарыс түріндегі ең үздік көрсеткіші.
Айта кетейік, аталған жарысқа Әсет Дүйсенов те қатысып, 37-орынға тұрақтады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript