Аңсар Ниетқалиев қатарынан үш рет ITF Juniors турнирінде топ жарды

Аңсар Ниетқалиев қатарынан үш рет ITF Juniors турнирінде топ жарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2025 18:31 Сурет: ktf.kz
14 жастағы қазақстандық теннисші Аңсар Ниетқалиев жасөспірімдер арасында үш ITF Juniors турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аңсар алдымен Түркияның Бурса қаласында өткен J30 санатындағы жарыстың финалында жергілікті спортшы, доданың 5-ракеткасы Берке Окумусты айқын басымдықпен ұтты - 6:2, 6:0.

Бір аптадан кейін қазақстандық теннисші Түркияның Адана қаласында дәл осындай турнирде көзге түсті. Ол жұптық сында отандасы Хақназар Жеткербаймен бірге ақтық бәсекеде түркиялықтар Гюлер/Конияны тізе бүктірді - 6:7 (5:7), 6:3, 10:8.

Аңсар үшінші жеңісіне туған жерінде қол жеткізді. Ол Алматыда жаңадан ашылған «Алатау» теннис орталығында J60 Almaty Open жарысында үздік атанды. Аңсар Ниетқалиев финалда өзінен әлдеқайда тәжірибелі, тағы бір қазақстандық Олжас Есеналыға мүмкіндік бермеді - 6:2, 6:2.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: