15 жасар Әмір Омарханов ITF Juniors турнирінің чемпионы атанды
Сурет: ktf.kz
15 жасар Әмір Омарханов Қарағандыда өткен төртінші санаттағы ITF Juniors турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әмір финалда отандасы Ілияс Маратұлын 3:6, 7:5, 6:1 есебімен ұтты.
"Осындай нәтижеге қол жеткіземін деп ойлаған жоқпын, қатты қуаныштымын. Бір апта бұрын қолым жүрмей, өзімді қатты жайсыз сезіндім, дегенмен бірте-бірте қалыпқа келдім. Додада қарқыным үдей түсіп, бірінен кейін тағы бір жақсы ойындар көрсеттім. Ақыры жақсы болғанына, қолымнан бәрі келгеніне қуаныштымын". Әмір Омарханов
Жұптық сында қазақстандық Әдемі Амангелді ресейлік Софья Гапанковамен бірге финалда ресейліктер Зоя Левина - Анастасия Рожкованы 7:5, 6:1 есебімен тізе бүктірді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
