Анна Данилина Франциядағы турнирдің чемпионы атанды
![Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2022 09:55](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-bed308d1-8d78-4936-85db-7340134017a2/800x451.webp)
Қазақстандық Анна Данилина ITF Women халықаралық жарыстарындаңы өз мансабында 25-ші атағын олжалады. Ол жұптық сында Биаррице (Франция) W60 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина мен украиналық Валерия Страхова финалда аргентиналық Мария Лурдес Карле - ресейлік Мария Тимофеевамен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда аргентиналық-ресейлік жұп басымдылық көрсетті. Есеп - 6:2.
Екіншісінде Данилина мен Страхова есе қайырды. Есеп - 6:3.
Одан кейін супер тай-брейкте Данилинаның жұбы жеңісті жұлып алды. Есеп - 14:12.
Жүлде қоры 60 мың доллар болатын бұл тартысты турнир 1,5 жарым сағатқа созылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript