Қазақстандық теннисші екінші ITF W100 турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева қатарынан екінші ITF W100 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол жұптық сында латвиялық Дарья Семенистаямен бірге чехиялықтар Джесика Малечкова және Мириам Скоч жұбынан басым түсті.
Финалдық ойын 1 сағат 37 минутқа созылды.
Бұл - Жібектің ITF W100 сериясындағы турнирде қатарынан екінші жеңісі. Ол сәуірдің соңында италиялық Фосса Уэргомен жұптасып, Мадридте чемпион атанды. Жалпы алғанда, Құламбаеваның еншісінде ITF аясындағы 40 титул бар, оның 35-і – жұптық сында, ал 5-еуі – жекелей сын бойынша.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript