Жібек Құламбаева ITF W 60 турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2023 12:05 Сурет: ktf.kz
Жібек Құламбаева Италияда өткен ITF W60 турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, отандасымыз беларусь теннисшісі Юлия Готовкомен бірге колумбиялықтар Джулиана Лисарасо / Мария Паулина Перес Гарсияға қарсы ойын өткізіп, оларды 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Жібекте енді жұптық сын бойынша ITF-тің 22 титулына ие. Бұған дейін ол W15 және W25 санатындағы турнирлерде жеңіске жетсе, W60 сериясында алғаш рет жеңіске қол жеткізіп тұр. Римдегі жетістігінің арқасында Құламбаева жұптық сында WTA-ның жаңартылған әлемдік рейтингінде өзі үшін рекордтық  деңгейге көтеріліп, 174-ші орынға жайғасты.

Айта кетейік, сәуір айының басында Құламбаева Түркиядағы теннис турнирінің абсолютті чемпионы атанды

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: