ITF турнирі: Жібек Құламбаева жұптық сында финалға шыға алмай қалды

Отандасымыз Жібек Құламбаева Германиядағы Штутгарт қаласында теннистен өткен ITF турнирінің жұптық сайысында финалға өте алмады. Ол мексикалық Виктория Родригеспен бірге өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жартылай финалда Құламбаева мен Родригес чехиялық Денис Гиндова мен Каролина Кубановамен кездесіп, 6:3, 6:7 (6:8), 7:10 есебімен ұтылды, деп хабарлайды Sports.kz.
Турнирдің жүлде қоры – 25 000 доллар.
Айта кетсек, Жібек Құламбаева (WTA рейтингінде 435-орын) Штутгарттағы турнирде жекелей сында бірінші айналымда-ақ ұтылып қалды. Ол швейцариялық теннисші Надин Келлерге (423-орын) жол берді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript