Үндістандағы жарыс: Жібек Құламбаева жұптық сында финалға шықты

Жібек Құламбаева, теннис, Үндістан, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2024 17:59 Сурет: ktf.kz
Үндістанда ITF W35TF Gurugram турнирі өтіп жатыр. Қазақстан теннисшісі Жібек Құламбаева жартылай финалда жұптық сында өнер көрсетті, сондай-ақ 1/4 финалда жекелей сында да бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жартылай финалында Жібек Құламбаева жергілікті теннисші Анкита Раинамен тізе қоса отырып, Рия Бхатия (Үндістан)/Митика Озеки (Жапония) жұбына қарсы ойын өрнегін көрсетті. 7:5, 6:2 есебімен жерлесіміздің жұбы жеңіске жетті.

Айта кету керек, Қазақстан-Үндістан тандемі бірінші нөмірде өнер көрсетіп жатыр. 

Жекелей сында Жібек Құламбаева ширек финалдан ары өте алмады. Біздің спортшы жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысы Кун Ен Вуға 0:6, 3:6 есебімен жол берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: