Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты

Жібек Құламбаева, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2024 21:56 Сурет: ktf.kz
Үндістанда әйелдер арасында W50 Indore турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында 1/4 финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге Шармада Балу (Үндістан)/Диана Марцинкевица (Латвия) жұбын 6:1, 7:5 есебімен ұтты.

Жібек пен Сапфо енді жартылай финалда турнирдің төртінші ракеткалары Джесси Эйни (АҚШ)/Лена Пападакис (Германия) жұбымен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, қазақстандық-грекиялық жұп турнирдің бірінші ракеткалары болып тіркелді және финалда жеңіске жетуге толықтай мүмкіндігі бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: