Жібек Құламбаева Түркияда өткен теннис турнирінің абсолют чемпионы атанды

Жібек Құламбаева, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2023 15:58 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Әйелдер арасындағы теннистен Қазақстанның төртінші ракеткасы Жібек Құламбаевадан Түркияның Анталияда өткен ITF 15 Women халықаралық турнирінде ешкім асып түсе алмады. Ол жеке және жұптық сайыстарда топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматылық теннисші әуелі жұптық сайыста жеңімпазы атанды. Жібек Құламбаева ресейлік Дарья Лодиковамен дуэт болып Жакелин Кабай Абад (Швеция) / Марта Матала (Грекия) жұбын 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

Одан кейін қазақстандық теннисші шешуші кездесуде Чехия өкілі Дениз Хиндованы 6:1, 6:3 есебімен ұтып, жекелей сында чемпион атағын жеңіп алды.

Осылайша, Жібек үшін бұл - жекелей сында карьерасындағы үшінші жүлде. Ал жұптық сайыста бұл - оның 20-титулы. Жалпы Құламбаеваның карьерасында ITF деңгейіндегі 23 чемпионат кубогы бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: