ҚР ІІМ: Қаңтардағы оқиғалардан кейін ақпараттық соғыс басталып кетті

Арнайы брифингіде ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін ел азаматтарының қоғамдық санасын бақылау үшін ақпараттық соғыс басталып кеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін ел азаматтарының қоғамдық санасын бақылау үшін ақпараттық соғыс басталды. Ресми органдардың ескертулеріне қарамастан, әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Бүгінде әлеуметтік желілерде шетелде тіркелген 43 аккаунт анықталды. Қаскөйлер Қазақстан полициясының қызметін теріс қырынан көрсетеді, алайда алғашқы күндері қарусыз қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен солар болатын.ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов

Оның айтуынша, бұл ақпараттық шабуылдардың түпкі мақсаты құқық қорғау органдарының беделін түсіру ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік жүйесін әлсірету болып табылады. Жалған хабарлардың негізгі бөлігі елден тыс жерлерден таратылады.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, ол тағы да арандатушылыққа бой алдырмауға және жалған ақпарат таратудан аулақ болуға, тек ресми дереккөздерге сенуге және тергеу нәтижелерін күтуге шақырды.

ІІМ елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау бойынша барлық күш-жігерін жұмсайды. Санжар Әділов
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: