БҚО-да сиырдың алдынан шығуға кетіп, сол күйі үйге оралмаған бала табылды

Сурет: Zakon.kz
Бәйтерек ауданы Дариян ауылында бесінші сынып оқушысы кешке қарай үйінен сиырдың алдынан шығу үшін шығып кетіп, содан кері оралмады. 12 жасар бала өзімен бірге телефонын да алмағаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баланы іздестіруге Приурал полиция бөлімінің жеке құрамы, шекарашылар және Дариян ауылының өрт сөндірушілерінен тұратын оншақты адам жұмылдырылды, деп жазады "Мой город" порталы.

«Ата-анасы өздігінен таба алмаған соң, таңғы сағат 04.00-де полицияға баласын іздеуді сұрап, көмекке жүгінді. Бұрын бала үйінен кетпеген. Баланы полиция қызметкерлері таңғы сағат 05.00-де тапты. Ол өз қорасындағы шөптің арасында ұйықтап қалған», - деді полициядағылар.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

ІІМ электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір үлгілерін бекітті

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Абай облысында жоғалған ер адамның денесі бес күннен кейін иен даладан табылды