Алматыдағы митингіге кездейсоқ тап болған ер адам қаза тапты

Сурет: polisia.kz
11 маусымда Алматыдағы Гагарин даңғылында рұқсат етілмеген митингі кезінде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір топ азамат Гагарин көшесінің көлік жүретін жолды жауып тастаған.

Рұқсат етілмеген акцияны Короленко көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің тұрғындары ұйымдастырды. Олар 2019 жылдан бастап өз маңдарында жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешеніне ауыр жүк көліктері көптеп ағылатындығына байланысты аулаларын жолдан қоршауды талап етіп жүр.

Рұқсат етілмеген акцияға қатысушылардың бірі 1980 жылғы М. деген азамат көлік қозғалысына кедергі келтіруде жолдағы көліктердің бірінің жүргізушісі 1974 жылғы К.деген азаматқа дене жарақатын келтірген. Жәбірленуші кейіннен қайтыс болды. Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Азамат М-ның іс-әрекеті ҚР Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен сараланды (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру). Ол қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен қатар, рұқсат етілмеген акцияның тағы төрт ұйымдастырушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлаймыз. Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Баспасөз қызметінің хабарламасында бұған дейін аталған үй тұрғындарының өтініші бойынша жолдағы көлік жылдамдығын тежейтін төрт жерүсті кедергісі (лежачий полицейский) салынғаны, сондай-ақ Гагарин көшесі жағынан және Радостовец көшесі жағынан екі шлагбаум орнатылғаны да айтылады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады

Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды

Олжас Бектенов Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша референдумда дауыс берді