Көкшетауда екі күн бұрын жоғалған жасөспірім қыз табылды

Сурет: Zakon.kz
22 маусымда Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны 13 жастағы қызының жоғалып кеткенін айтып, көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анасының айтуынша, 20 маусымда қыз өздерінен бөлек тұратын әкесіне қонаққа кетіп, содан оралмаған.

Жоғалған адамды іздеуге ювеналды полиция бөлімінің барлық жеке құрамы, учаскелік инспекторлар, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бағытталды. Жасөспірімнің әкесіне келмегені анықталды. Тәртіп сақшылары барлық полиция бөлімшелеріне бағыт-бағдар жодап, жоғалған қыздың орналасқан жерін анықтау бойынша жедел іс-шаралар өткізді. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Іздеу шараларының нәтижесінде жасөспірім қыз екі сағат ішінде таныстарынан табылып, үйіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Жалпы, жылдың басынан бастап облыс орталығында кәмелеттік жасқа толмағандардың жоғалуы және үйден кетуі бойынша 19 факті тіркелді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды