ШҚО-да жоқ қантты сатып, 90 млн теңгеге қарық болған күдікті ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Өскеменде жүзден астам адамды тақырға отырғызған 29 жастағы бойжеткен ұсталды. Ол қарашаны қантпен қарық қылам деп алдап, ақшаларын қалтаға басқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті қант таппай сенделген жұрттың сеніміне кіріп, өз пайдасын ойлапты. Ол үшін әлеуметтік желіге шекер сататынын айтып жарнама берген. Ал, оны сатып алмақ болғандарға алдын-ала төлем жасауды сұраған. Осылайша, аз уақыттың ішінде тұрғындардың 90 миллион теңгесін қалтаға басып, ол жоқ болған. Ақырында алданып қалғандарын түсінгендер бірден полицияға арыз жазған. Нәтижесінде алаяқ қыз ұсталып, қылмыстық іс қозғалды, делінген КТК телеарнасының сюжетінде.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл қызға қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы қабылданды.ШҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Татьяна Карпова
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты