Маңғыстауда жол бойында зейнеткер жүргізуші аяусыз соққыға жығылып, көз жұмды

Сурет: Zakon.kz
Алдын ала болжам бойынша, жолды бөлісе алмаған екі жүргізуші арасында жанжал туындаған. Күдікті көліктен шығып, 67 жастағы ер адамды ұрып-соққан. Зейнеткер алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

22 шілдеде сағат 20:00-де Жаңа Дәулет ауылында қайғылы оқиға орын алды. Жол бойынан зейнеткердің денесі табылды.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі, "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.

Полиция қызметкерлері Жаңа Дәулет ауылының 67 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен 35 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу сотының берген санкциясымен күдіктіге қатысты екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдарының өкілдері жүргізушілерді жолда туындайтын осындай жағдайларда эмоцияға берілмеуге, үйде күтіп отырған аяулы жандар барын есте сақтауға шақырады.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Жасанды интеллектке сенген қытайлық фермер 10 гектар жердегі егінін жойып алды

Басып озамын деп басына қауіп төндірді: Ақтөбеде 11 жүргізуші жауапқа тартылды

Магистратура грантына кімдер таласа алады