Қарағанды тұрғыны алтыншы қабаттан секірмек болды

Сурет: видеодан алынды
Оқыс оқиға Карбышев көшесінде орын алды. Отбасындағы айғай-шудан кейін 37 жастағы ер адам өз-өзіне қол салмақ болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына патрульдік қызмет инспекторлары Болат Мұхажанов пен Нұркелді Әшірбек бірінші болып келіп жетті.

Подъезд алдынан бізді бір ер адам қарсы алды. Полицияға қоңырау шалған сол кісі екені белгілі болды. Оған себеп - 37 жастағы ұлы. Ер адам ұлына қатысты арызданғысы келетінін айтты. Әңгіме барысында алтыншы қабаттағы подъезд терезесінен секірмек болған адамды байқадық. Мен подъезге жүгіріп кіріп, алтыншы қабатқа көтерілдім, секірмек болып тұрған ер адамды сөзге тартып, оны райынан қайтаруға тырыстым. Ол ашық терезе алдына шығып алып, секіретінін айтып айқай берді. Бұл кезде менің жанымдағы серігім көшеде қалды. Ол жедел жәрдем қызметі мен өрт сөндірушілерге қоңырау шалды, - деді Мұхажанов.

Ер адаммен болған келіссөз оң нәтижесін беріп, полицей оны терезеден түсуге көндірген.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды