Риддердің 30 жастағы тұрғыны жергілікті полиция бөліміне хабарласып, өзіне қарақшылық шабуыл жасалғанын хабарлады.
Оның айтуынша, түнде үйіне бетперде киген үш белгісіз адам кіріп, күш қолдану арқылы 3 820 000 теңге ақшасын алып кеткен.
Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады (қарақшылық).
Алайда, арызданушымен әңгімелесу кезінде оқиға басқа жағдайға ойысты. Ер адам полицейлерге өзіне қатысты ешқандай қылмыс жасалмағанын мойындап, мұның бәрін танысына 950 000 теңге қарызын қайтарғысы келмегендіктен ойлап тапқанын айтты. ШҚО ПД баспасөз қызметі
Енді ҚР ҚК 419-бабының 3-бөлігіне сәйкес (жалған хабар беру) "жәбірленушіге" үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр.