Оралда жүрген Шри-Ланканың төрт азаматы елден шығарылды

Сурет: polisia.kz
Орал станциясындағы көлік полицейлері Шри-Ланка Республикасының төрт азаматына қатысты Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін тіркеді. Олар визада көрсетілген мерзімде ҚР аумағынан шығудан жалтарған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен шетелдік азаматтарға 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салу белгіленіп, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды. Көліктегі департамент бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов

Олар 21, 25, және 26 жаста.

Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 күні ішінде “ізін суытпай” 11 қылмыстың беті ашылды. Сондай-ақ мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 40 ұсақ бұзақылық фактісі, 200 қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу дерегі, 51 шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны анықталды.

Айта кетсек, Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында ағымдағы жылдың 9-11 қараша аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты