Абай облысында оқушы өз-өзіне қол жұмсады – полиция тергеу амалдарын қолға алды

Сурет: pixabay
Абай облысының полиция департаменті 9-сынып оқушысының өлімін тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарма ауданы Үшбиік ауылында Ақтайлақ би атындағы орта мектептің 9-сыныпта оқитын екі оқушы өздеріне қол жұмсаған. Асылулы күйіндегі екеудің біреуін аман алып қалу мүмкін болды. Олар өзінен жоғары оқитын сынып оқушылары тарапынан буллингке ұшырағаны белгілі болды. Өзге оқушылардың айтуынша, 11-сынып оқушылары жасөспірімдерді бірнеше мәрте соққыға жығып, психологиялық қысым да көрсеткен, деп хабарлайды abainewskz порталы.

Жарма аудандық полиция бөлімімен аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлайды.  

Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.

Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге мәліметтер, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайды.

Тергеу барысы облыс департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Айта кетсек, алдында Абай облысында оқушысы суицид жасаған мектеп тексеріліп, қорытындысы жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты