Бас прокуратура Әбдірахмановтан рейдерлік іске куәгер ретінде жауап алынғанын айтты

Сурет: Facebook/Рустам Абдрахманов
Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Елдос Сағиев ведомствода өткен брифингте Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахмановтан қандай іс бойынша жауап алынғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағиев Рүстем Әбдірахмановтың қазіргі уақытта Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары екенін еске салды.

"Сіз бұрын айтқан р ейдерлік іс бойынша куәгер. Ол куәгер. Күдікті деп танылған жоқ. Осы қылмыстық іс шеңберінде жауап алынды, тиісті тергеу іс-шаралары жүргізілді. Тінту жүргізілген жоқ, телефоны алынбады". Елдос Сағиев

Сағиев Әбдірахмановтан қандай іс бойынша жауап алғанын нақтылап айтпады.

Еске салайық, 2022 жылғы 19 желтоқсанда әлеуметтік желілерде қылмыстық іс аясында Алматы облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахмановқа тінту жүргізілгені туралы ақпарат тарады.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі