Абай облысындағы жол апаты: бір адам опат болды, кәмелетке толмаған 3 бала ауруханада жатыр

Cурет: polisia.kz
2023 жылғы 14 қаңтарда сағат 13:30-да Семей-Өскемен тас жолында ВАЗ 21102 және Toyota Camry маркалы екі автокөлік бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 21102 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған дене жарақаттары салдарынан жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. ВАЗ 21102 көлігінде кәмелетке толмаған тағы үш жолаушы болған.

Кәмелетке толмаған үш жолаушы, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Іс бойынша бірқатар сот сараптамасы тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты