Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Egemen.kz-ке мақала жариялап, Мемлекет басшысының Ресейге сапары туралы айтты.
Келіссөз форматының ашық болғаны сондай президенттер әлеуметтік ара қашықтықты сақтамай, қол алысып, бір-бірімен төс қағыстырып амандасты. Осыдан-ақ кездесудің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын байқауға болады. Қазіргідей «ковид» кезінде мұндай жоғары деңгейде қабылдау – сирек кездесетін жағдай. Хаттама бойынша президенттер бір метр ара қашықтықта отырды. Қазақстан Президентімен кездесудің ерекше форматта өтуі екі елдің шынайы достық қарым-қатынаста екенін көрсетеді. Мұндай ерекше ілтипатты былтыр жыл соңында Санкт-Петербургте өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің саммитінен де байқауға болады.Берік Уәли
Новость по теме
Президенттің баспасөз хатшысының сөзінше, екі ел басшыларының Кремльде өткен келіссөздері білім беру, цифрландыру, ғарышты игеру салалары мен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бағытында мамандар даярлау ісі бойынша маңызды келісімге қол қоюмен аяқталды.
Қазақстанда Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары желісін кеңейту, сондай-ақ біздің «Болашақ» бағдарламасы аясында қажетті мамандар даярлау жөнінде маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Бұл бағыт бойынша Алматыда МИФИ-дің, Атырауда Губкин атындағы университеттің филиалдарын ашу жұмыстары басталып та кетті. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетімен және басқа да бірқатар оқу орнымен олардың өкілдіктерін ашу жайында келіссөздер жүргізілуде. Қазақстанның «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы Ресей Федерациясының МИФИ, МФТИ, Губкин атындағы РМУ, Бауман атындағы ММТУ, ИТМО, МИСиС сияқты жетекші алты техникалық университеті мен «Болашақ» бағдарламасы аясында ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойды.
Сондай-ақ тараптардың цифрлық сала басшыларын даярлау бағдарламасын бірлесіп іске асыру, IT мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттырудың қарқынды бағдарламасын іске қосу, Astana Hub халықаралық технопаркі базасында цифрлық трансформация құралдарын қамтамасыз ету және қолдау жөнінде келісім жасалды.
Келіссөз «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ мен «Трансмашхолдинг» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы маңызды келісіммен қорытындыланды.
Новость по теме
Биыл Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынастар тарихында атаулы дата бар екенін атап өткім келеді. Бұл елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы. Осы уақыт ішінде мызғымас достыққа, ортақ тарихқа, Қазақстан мен Ресей халықтарының ментальдық тұрғыдан жақындығына сүйене отырып, жоғары деңгейдегі басшыларымыз мемлекетаралық үлгілі ынтымақтастық орнатты. Осы ынтымақтастық барлық сала бойынша зор жетістік пен табысқа қол жеткізді.Берік Уәли
Мәскеудегі табысты келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы Ресей Федерациясындағы жұмыс сапарын Татарстан Республикасында жалғастырды. Қасым-Жомарт Кемелұлы мыңжылдық тарихымен және аса бай мәдени мұрасымен танымал Қазан қаласына алғаш рет ат басын бұрды.
Новость по теме
Қазақ пен татар ежелден төскейде малы, төсекте басы қосылған туыстас халық. Біздің тарихымыз ортақ, дініміз бен тіліміз бір. Сонау XVI ғасырдың ортасында Иван Грозный Қазанды басып алғандағы қырғын біздің фольклорымызда ерекше із қалдырған. Ал тұтас ұлтты жаңа сапаға көтерген Алаш зиялыларының да қызметі мен өмірі осы Қазан қаласымен тікелей байланысты. Көбі осында білім алып, татар аруларына үйленді. Татар автономиясы мен Алаш автономиясы үнемі тізе қосып, бірге күрескенін тарихтан білеміз. Қазақтың алғашқы кітаптары да осы қалада басылды. Көрнекті Алаш қайраткері Уәлитхан Танашұлы Қазанда өмір сүріп, татар үкіметінде қызмет істеген. Демек, туыстас екі халық ежелден жұбын жазбаған. Татар ағайындардың қазақ халқына деген айырықша ықыласы ғасырлар бойы жалғасып келеді.Берік Уәли
Мемлекет басшысының Татарстанға сапары ғасырлық тарихы бар Қазан Кремлінен басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев мұнда «Құл Шариф» мешіті мен Благовещенский соборын аралап көрді. Президент бір-бірінен қол созым жерде тұрған мұсылман мешіті мен православ шіркеуінің орналасуын достық символы деп атап өтті. Қазан Кремлінің аумағында Президент сарайы орналасқан. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Рустам Минниханов осында ресми делегациялардың қатысуымен екіжақты кездесу өткізді. Қазақ көшбасшысының республикаға сапары кезінде Татарстан басшысы бірге жүргенін атап өткен жөн. Араларында достық қатынастың орнағаны айтпаса да түсінікті. Бұл – олардың соңғы 10 айдың ішіндегі үшінші кездесуі.
Кездесу басында Президент мемлекеттік тілде сөз сөйлеп, дипломатиялық қызметі аясында және БҰҰ Бас хатшысының орынбасары лауазымында жүргенде алты құрлықты араласа да, Қазан қаласына алғаш рет келіп отырғанын айтты. «Мұным ұят болды, бірақ ештен кеш жақсы» деп әзілдеді Президент.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Нижнекамск қаласындағы «ТАНЕКО» кешенін аралау барысында «Татнефть» кәсіпорнында тағылымдамадан өтіп жатқан қазақстандық жас мамандармен кездесті. Жуырда «Татнефть» компаниясы мен Семей қаласының геологиялық барлау колледжі арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Нәтижесінде, биылдан бастап қазақстандық колледждің студенттері осы кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өтетін болды. Осындай кездесу Набережные Челны қаласында да өтті. «КАМАЗ» компаниясының зауытында біліктілігін арттырған қазақстандықтар, елге оралған соң Қостанайдағы осы кәсіпорынның зауытында жұмыс істейтін болады.
Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір іссапардан елге оралған сайын дәстүрлі түрде ел ішіндегі және шетелдік сапарлардың нәтижесі туралы әсерімен бөліседі. Осы сапарға қатысты Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына қысқа мерзімді, бірақ өте мазмұнды сапарының нәтижесіне көңілі толатынын, оның Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты одан әрі нығайту тұрғысынан табысты болғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жасаған осы жолғы сапары мен жоғары деңгейде өткен келіссөздерін Қазақстан мен Ресей арасында кейінгі жылдардағы кездесулердің ішіндегі ең маңыздысы деп есептейді. Ресей Президенті де осындай көзқараста деп ойлаймын.Берік Уәли