Тоқаев ақпаратты ЕЭК-те қорғау туралы заңға өзгерістер енгізді

Сурет: primerminister.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕЭК шеңберінде құпия ақпаратты қорғау және оны жария еткені үшін жауапкершілік туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz
Мемлекет басшысы «2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – делінген Ақордадағы хабарламада.

Жалпы, қабылданған келісім құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін реттеп, комиссия қызметкерлерінің оны алған кезде жария еткені үшін жауапкершілігін реттейді.

Мысалы, заңдағы «тараптар» сөзі «мүше мемлекеттер» деп, «бірыңғай» - «жалпы», «қызметкерлер» - «лауазымды тұлға» деп өзгертілді.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі