Тоқаев Петропавл тұрғындарын тез арада жылумен қамтуды тапсырды

Сурет: akorda.kz
20 наурызда Петропавлдағы ЖЭО-2-де құбыр құлады. Мұржа 1961 жылы пайдалануға берілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат салдарынан тұрғын үйлер мен қызметтік мекемелер жылусыз қалған.

Ал 21 наурыз күні таңертең президент Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Петропавлдағы жылу электр орталығында болған апат салдарын жою жұмысы туралы есебін тыңдады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, жұмыс комиссиясы құрылған. Оның құрамына әкімдіктің, ТЖМ-нің және басқа да құзырлы ведомстволардың қызметкерлері, сонымен қатар аталған саланың жобалаушылары мен мамандары енген. Компания басшысы – жылу электр орталығының меншік иесі келеді деп болжанып отыр, – делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды.

Петропавл
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда полиция атынан жалған айыппұл жіберу деректері көбейген

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді