Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан мен Түркия көшбасшылары бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтады және бауырлас екі халықтың өсіп-өркендеп, жетістікке жетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мән бере отырып, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін дамытудың перспективаларын талқылады.

Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10-11 мамырда Түркияға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті кеңейтудің маңызды белесі болатынын айтты. Мемлекетіміздің басшысы Анкарадағы келіссөздер осындай деңгейде өтеді деген пікірмен келісті.

Қазақстан Президенті экономикалық, гуманитарлық және мәдени байланыстарды кеңейтуде Түркі мемлекеттері ұйымының рөлі зор екенін атап өтті.

Екі мемлекеттің басшылары дәстүрлі достық рәуіште әңгімелесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды