Ерлан Алдажұманов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Сурет: Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ерлан Алдажұманов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Ерғалиұлы Алдажұманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.

Ерлан Алдажұманов 1966 жылы 26 наурызда Семейде (Семей облысы) дүниеге келген.

1987 жылы Ф.Е.Дзержинский атындағы жоғары шекаралық командалық училищені бітірген.

Шекара заставасы, шекара отрядтары бастығының орынбасары, облыстық басқарма бастығының орынбасары, өңірлік басқарманың шекара бөлімшелері командирінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2014 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары - Бас штабының бастығы болған.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты