Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Ашхабадқа жұмыс сапары барысында Түрікменстан Ұлттық кеңесі Халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан президенті, ең әуелі, Гурбангулы Бердімұхамедовті туған күнімен құттықтап, оның басшылығымен Түрікменстанның қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін атап өтті.

Кездесу барысында дипломатиялық қарым-қатынастар орнаған 30 жылда Қазақстан мен Түрікменстанның байланысы бауырластық әрі стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткені айтылды.

Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-түрікмен қарым-қатынастарына қосқан өлшеусіз үлесі үшін Гурбангулы Бердімұхамедовті Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.

Сонымен қатар Халық мәслихаты төрағасы ретінде елінің дамуына, аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігі жолында еңбек ете беретініне сенім білдірді.

Түрікменстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты