Тоқаев Сауд Арабиясы королін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Сурет: akorda.kz
Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық пен серіктестікті нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Салман бен Әбделәзиз Әл Саудты еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Джидда қаласына ресми сапары аясында Сауд Арабиясы тарапына орденді салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қос Киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен 23 шілдеде Джидда қаласына ресми сапармен барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты