Оппозиция кандидаты сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды

Cурет: Zakon.kz
Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан кандидат Нұрлан Әуесбаев тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық сайлау комиссиясы Нұрлан Әуесбаевтың құжаттарын қабылдады. Құжаттар 2-3 күн бойы тексеріледі.

Оппозицияның президенттікке кандидатты ұсынғаны 1 қазанда белгілі болды. Одан кейін ЖСДП-ның кезектен тыс съезінде партия мүшелерінің алдағы сайлауға Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасын қолдағаны хабарланды.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.

23 қыркүйекте Қазақстанда президенттікке кандидаттарды ұсыну басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты