ОСК оппозиция кандидаты Нұрлан Әуесбаевты тіркеді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан (ЖСДП) ұсынылған Нұрлан Әуесбаевты Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс сайлауда ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ОСК отырысында Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасы қаралды. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафинаның айтуынша, кандидат пен оның жұбайының мүлкі мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы, сонымен қатар Әуесбаевта оған кедергі келтіретін ауруы жоқ екенін растайтын медициналық анықтама тапсырылды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес кандидатты қолдауға уәкілетті тұлғалар еліміздің 15 өңірінде 120 908 азаматтың қолын жинады. Барлық қол тексерілді, оның 119 197-сі дұрыс деп танылды, яғни сайлаушылар тізімінде тіркелген санның 1%-ын құрайтын қажет шекті мән (118 273 қол) қамтамасыз етілді.

Осылайша Қазақстан президенттігіне кандидатты тіркеуге қажет барлық рәсім сақталды. Орталық сайлау комиссиясы Нұрлан Әуесбаевты Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров

ҚР президенттігіне кандидатқа тиісті куәлік табыс етілді.

Нұрлан Әуесбаев құжаттарды ОСК-ға 7 қазанда тапсырған. Кейін ол мемлекеттік тілден емтихан тапсырып, 10 қазанда ОСК Нұрлан Әуесбаевты сайлау заңнамасының талаптарына сай деп таныды.

Қазақстан Республикасы президентін кезектен тыс сайлау 20 қарашаға белгіленді.

Қазақстан Президент сайлауы — 2022
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: