Жаңа жылға үкіметтің осы құрамымен аяқ басуға бола ма – Тоқаев Смайыловқа сұрақ қойды

2022 жылғы 12 желтоқсанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің басты міндеті елдің экономикалық мәселелерімен айналысу екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы "бұл – Үкімет мүшелерінің, әкімдердің, ұлттық компания басшыларының тікелей жауапкершілігі" екенін айтты.

"Сондықтан мен премьер-министр Әлихан Асханұлы Смайыловтан шынайы жауап алғым келеді. Жалпы, Жаңа жылға үкіметтің осы құрамымен аяқ басуға бола ма? Президенттің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру үкіметтің қолынан келе ме? Үкімет іштен және сырттан болатын барлық экономикалық қауіп-қатерлерге қарсы тұра ала ма? Меніңше, бұл мәселелер Мемлекет басшысының премьер-министрмен және парламент депутаттарымен өткізетін консультациялары кезінде мұқият талқылануы керек" – Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент 2023 жылдың бірінші жартысында елімізде Парламент сайлауы өтетінін еске салды.

Мен ұсынған саяси реформалар бағдарламасына сәйкес заң шығару билігі және жергілікті өкілді органдар сапалық тұрғыдан маңызды өзгеріске ұшырайды. Үкімет те осы реформа үдерісінен тыс қалмауға тиіс. Бұл жұмыс бір уақытта, бір қарқынмен жүргізілуі керек. Сол себепті, мен барша Үкімет мүшелері осы мәселе жөнінде ойлануы керек деп санаймын. Қасым-Жомарт Тоқаев

Соынмен қатар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жыл биылғыдан қиын болатынын айтты.


Қазақстан Смайылов Әлихан Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: