Астана тұрғыны ақшасын қайтармас үшін туысын өлтіруге тапсырыс берген

Сурет: polisia.kz
Астана қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы үшінші тұлғаның мүддесі негізінде 57 жастағы әйелдің өлімін ұйымдастырған елорданың бұрын сотты болған тұрғынына қатысты жедел іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдастырушы өзінің танысы арқылы "орындаушымен" мәміле жасасып, оған келіскен 10 миллион теңгенің бір миллион теңгесін алдын ала төлем ретінде ұсынған, сондай-ақ болжамды жәбірленушінің фотосуреті мен басқа да деректері бар ұялы телефонды тапсырған.

"Сол күні қызметкерлер жалдамалы кісі өлтірушіні анықтады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстың ұйымдастырушысы мен негізгі бастамашысын ұстау мақсатында полиция қызметкерлері кісі өлімін имитациялау арқылы жедел комбинация жүргізді", делінген хабарламада.

Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қылмыстың барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіруге тапсырыс беруші жәбірленушінің туысы екені анықталды.


Сурет: polisia.kz


Жәбірленуші оған ағымдағы жылдың ақпан айында 500 мың АҚШ долларын сақтауға берген, бұл қылмыс жасауға себеп болған.

Өзге деректер тергеу мүддесіне сай жария етілуге жатпайды.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді