Елімізде Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады

Сурет: Zakon.kz
ҚР Оқу-ағарту министрлігі жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство басшысының тиісті бұйрығы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.

"Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылады", делінген аталған құжат мәтінінде.

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған комиссиялардың қызметіне мониторинг жүргізуге және үйлестіруге мүмкіндік беретіні де нақтыланады. 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" бұйрығының жобасы Оқу-ағарту Министрлігі жанындағы білім беру және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңеске, Республикалық жеке білім беру ұйымдарының қауымдастығына, Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына, Ғайрат Сапарғалиев атындағы мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институтына сараптамаға жіберілді.

Құжат 2023 жылдың 14 сәуірінде дейін қоғамдық талқыға ұсынылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды