"Е-нотариат" жобасының іске қосылуы нотариустардың табысына кері әсер етпейді – Әділет министрі

Сурет: Zakon.kz
Әділет министрі Азамат Есқараев іске қосылған сенімхатты онлайн рәсімдеу мүмкіндігін қамтитын "е-нотариат" пилоттық жобасы нотариустардың табысына кері әсер етпейтінін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ өкілдері: "Егер адамдар сенімхаттарды онлайн рәсімдеу мүмкіндігіне ие болса, нотариустардың табысы төмендеп кетпейді ме" деп министрден сұрады.

"Бұдан нотариустардың табысы төмендемейді. Олардың қызметтерінің құны сол күйі сақталып қалады және оларға жүгінген азаматтар осы қызметтің құнын банктердің интернеттегі қосымшалары арқылы онлайн төлейтін болады. Ақиқатында, нотариустар өз жұмысын бәз-баяғыша атқара береді, қызметтері үшін де ақы алады, бұл арада тек адамдар оларға барып жатпайды, барлық процесті онлайн атқарады", – деді министр.

Оның айтуынша, "е-нотариат" пилоттық жобасы нотариустарға да, халыққа да тиімді. Адамдар шетелде жүріп немесе үйінде отырып, eGov mobile арқылы нотариаттық сенімхат алу мүмкіндігіне ие болады.

Бұған дейін Әділет министрлігі ЦДИАӨМ-мен бірлесіп "е-нотариат" пилоттық жобасының іске қосылғанын хабарлаған болатын. Бұл қазақстандықтарға сенімхаттардың кейбір түрлерін үйден шықпай-ақ онлайн рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді