Қазақстан мен Қытайдың Жоғарғы соттары құқықтық көмек көрсету туралы шартқа қатысады

Сурет: primeminister.kz
Әділет мнистрлігі "1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы" ҚР Президенті жарлығының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінген кезде, Уағдаласушы Тараптар орталық мекемелері арқылы өзара қатынастар жасайды.

Орталық мекемелерге: Қазақстан Республикасы тарапынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі; Қытай Халық Республикасы тарапынан Әділет министрлігі, Жоғарғы Халық прокуратурасы және Жоғарғы Халық соты жатады.

Жарлық жобасы Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік соттардың шешімдері мен өтініштерін орындау саласында құқықтық көмек көрсету жөніндегі сот органдарының функцияларын нақтылау, сондай-ақ екі Тараптың құзыретті мекемелерін өзгерту мақсатында әзірленген.

Құжат 4 мамырға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланға.

Қазақстан
Қытай
ҚР Жоғарғы соты
Ашық НҚА

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы