Алматы облысында тапанша мен бірнеше оқ жасырулы орын анықталды

Сурет: polisia.kz
ҚАЖК және Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері ҰҚҚК басқармасымен бірігіп, тапанша мен оқтар жасырылған орынды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Матаға оралған 9 калибрлі сериялық нөмірі өшірілген тапанша және жеті оқ Қарасай ауданының Қайрат ауылының аймағында тас астынан табылған.

Бұл факт Қарасай аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сот баллистикалық сараптама тағайындалды.

Айта кетсек, биыл Алматы облысы мен Жетісу облысының ҚАЖ қызметкерлері 20-дан астам қару мен екі мыңнан астам түрлі калибрлі оқ-дәріні анықтап, тәркіледі.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды