Қобда ауданының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында балалардың конституциялық құқықтарының өрескел бұзылғанын анықтады.
"Интернат қызметі жалпы білім беру мекемесінің жанында ұйымдастырылғанымен, оның құрылтай құжаттарында бұл жайлы мүлдем көрсетілмеген. Мектеп және мектеп жанындағы интернат оқушыларына арналған ішкі тәртіп ережелері заңды күштерін жойған құқықтық актілер негізінде әзірленген. Көпбалалы отбасылардан шыққан балалар мемлекет кепілдік берген тегін киіммен және аяқ-киіммен қамтамасыз етілмеген".Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
Сонымен қатар, интернат ғимараты уәкілетті органдардың санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындысыз пайдаланылған.
Міндетті медициналық тексеруден өтпей (санитарлық кітапшасыз) интернат асханасының қызметкері жұмысқа жіберген.
"Балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргеніне, сондай-ақ сапалы білім алуға конституциялық құқықтарының шектелгеніне қарамастан ЖАО лауазымды тұлғалары әрекетсіздік танытып, оларға қатысты уақтылы шаралар қабылданбаған. Тек прокуратураның араласуынан кейін ғана білім бөлімі мектеп-интернаттың жұмыс істеуіне қажетті барлық рұқсат құжаттарын алуға өтінім жолдады және балаларды әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдады". Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау актісімен барлық кінәлі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылғаны да нақтыланады.