Тоқаев ТМД елдерінің авторлық құқықты қорғау саласындағы ынтымақтастығы туралы заңға қол қойды

Сурет: akorda.kz
2023 жылғы 30 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің авторлық құқықты қорғау саласындағы ынтымақтастығы туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Бұл заңды сенаторлар 2023 жылғы 11 мамыр күні мақұлдады және ол  ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде, оның ішінде интернетте авторлық құқық объектілеріне және сабақтас құқықтарға құқықтардың бұзылуына жол бермеу жөнінде тетіктерді жүзеге асырумен қатар, құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Авторлық құқықтық және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету ТМД қатысушы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени қарым-қатынастардың ауқымын кеңейтуді көздейді.

Қазақстан
ТМД
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды