Бас прокуратура таратқан мәліметке сүйенсек, полиция ғимараттары мен ҚАЖК мекемелерінде тексеру кезінде бейнекамералармен қамтылмаған 5812 учаске мен үй-жайлар мен 900 жұмыс істемей тұрған камера анықталды.
Прокуратураның ұсынысы бойынша "көрінбейтін аймақтарды" болдырмау үшін 3783 қосымша бейнекамера орнатылды. Ғимараттарды толық жарақтандыру осы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
"Аумақтық полиция департаменттерінің, ҚАЖК және ІІМ орталық аппаратының 19 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды".Бас прокуратура
Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың айтуынша, қазіргі уақытта 88 азаматқа қатысты тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолданғаны үшін күштік органдарының 39 қызметкері қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатыр.
"Министрлік басшылығына психологиялық тестілеу өткізу арқылы азаптауды қолдануға бейім қызметкерлерді алдын ала анықтау ұсынылды".Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев
Бас прокуратура өкілі азаптауға қарсы кешенді шаралар жалғасын табатынын мәлім етті.