Алматыда айып тұрағынан көлігін алып қашқан жүргізуші ұсталды

Көлік, Алматы, айып тұрағы , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 21:50 Сурет: видеодан алынды
Алматыда полицейлер айыппұл тұрағында тұруы тиіс көліктің жолда кетіп бара жатқанын байқайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған көлік бірнеше өтелмеген әкімшілік айыппұлына байланысты арнайы айып тұрағына қойылған. Арада бірнеше сағат өткен соң көлік иесі құжаттарын алып кету үшін айып тұрағына келген. Алайда ол құжаттарын алудың орнына көлікке отырып, айып тұрағынан өз бетінше шығып кеткені белгілі болды.

"Полиция көлікті іздеуге кірісті. Көлік Райымбек даңғылы мен Күдерин көшесінің маңынан табылып, қозғалысы тоқтатылды. Көлік қайтадан арнайы айып тұрағына жеткізілді. Жүргізушіге қатысты үш әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар көлікті айып тұрағынан рұқсатсыз алып шыққаны бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам Жетісу аудандық полиция басқармасына жеткізілді", делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін Алматыда Instagram-ға жүктеген видеосында балағат сөздер айтқан ер адам қамауға алынғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: