Алматыда полиция қаруланған ер адамды тоқтатты
Сурет: pixabay
Алматыда полицейлер шетелдік көліктің жүксалғышынан бірнеше қару түрін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы полициясының мәліметіне сүйенсек, "Рубеж" стационарлық бекеттерінің бірінде полиция қызметкерлері 45 жастағы ер адамның басқаруындағы Mercedes маркалы автокөлікті тоқтатқан.
"Көлік құралын тексеру барысында жүксалғыштан қаруға және арнайы құралдарға ұқсас заттар табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген заттардың шығу тегі мен нақты мақсат-міндетін анықтау үшін сот-баллистикалық сараптама тағайындалды",- делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Жарияланған кадрлардан көліктен пышақ, мылтық, кастет, автомат, сондай-ақ шоқпар тәрізді сияқты заттар табылғанын көруге болады.
Бұған дейін Ақтөбеде жоқ жер телімдерін сатқан ер адам ұсталғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript