Нұржан Әлтаев 2 айға қамауға алынды

Сурет: Facebook/Нуржан Альтаев
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі экс-депутат Нұржан Әлтаевтың 2 айға қамауға алынғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Н. Әлтаевті күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды 2023 жылғы 9 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Н. Әлтаевті 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", делінген елордалық соттың хабарламасында.

Айта кетсек, 2023 жылы 7 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша экс-вице-министр Нұржан Әлтаевты аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғаны белгілі болды. Антикордың мәліметінше, Әлтаев Абылай Мырзахметов екеуі пара ретінде 135 000 АҚШ доллар алған. Бұл аса ірі көлем болып саналады. Пара нәтижелі жұмыспен қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бойынша мемлекеттік тапсырысты алуға жәрдемдесуге, сондай-ақ Мырзахметовтың жетекшілік ететін Әлтаев салаларындағы мүдделерін жалпы қамқорлыққа алуға және лоббизм жасауға арналғаны айтылады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады