Тоқаев Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілді тағайындады

Светлана Жақыпова ҚР Президенті жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Светлана Жақыпова 1968 жыл Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1991 жылы Целиноград Мемлекеттік педагогикалық институтын,

2006 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын аяқтады.

Еңбек жолын Қарой бастауыш мектебінде ұзартылған күн тобының тәрбиешісі, бастауыш сыныптардың мұғалімі болып бастаған (1984 – 1986 жылдары); №16 орта мектебінде, № 36 бастауыш орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болды (1991 – 1995 жылдары); 1997 жылдан бастап "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМКҚ Ақмола қалалық бөлімшесі операциялық есеп жүргізу бөлімінің аға маманы, бас маманы; "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМКҚ Ақмола (Астана) қалалық филиалының экономикалық талдау бөлімінің бас маманы, бастығы, филиал директорының орынбасары, директоры (1998– 2008 жылдары) қызметін атқарды; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры (2008 – 2011 жылдары ); "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Жобалау офисі бағдарламалар басшысы (2011 – 2013 жылдары ); Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2013 жылғы 19 тамыздан бастап 2014 жылғы тамызға дейін); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды; Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2017-2019 жылдары) болды.

2023 жылғы 28 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықтың әлеуметтік осал санаттары құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру туралы" жарлыққа қол қойды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: